Елорда көшелерінде жылдамдық режимі өзгерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі шаһардағы кейбір көшелерде жылдамдық көрсеткіші өзгергендігін хабарлады.

«Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылғы 15 ақпаннан бастап Қабанбай батыр даңғылының Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Жаңа әуежай көшесіне дейінгі бөлігінде екі бағытта да жылдамдық режимі сағатына 70 км-ден 60 км-ге дейін төмендейтінін хабарлайды» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің өкілдері осы аталған жол бөлігінде «Сергек» жүйесі орнатылғанын ескертті.


Соңғы жаңалықтар