«Елорда көршілері» тұрғын үйді басқару және дамыту бағдарламасы іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында көппәтерлі тұрғын үй иелерінің бастамасымен «Елорда көршілері» атты тұрғын үйді басқару және дамыту бағдарламасы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елорда көршілері» тұрғындардың ұйытқы болуымен іске қосылған көппәтерлі тұрғын үйлерді дамыту бағдарламасы. Ондағы мақсат – көппәтерлі ортақ тұрғын үйге қатысты мәселені бірлесіп ортаға салу және оның ортақ шешімін табу. Аталған бағдарлама тұрғын үйді күтіп ұстау, көршілердің тату-тәтті өмір сүруін қамтуға бағытталған. Кейбір көппәтерлі тұрғын үйлерде күтімнің жоқтығы меншік иелері кооперативінің өз жұмысына салғырттығы себеп. Сол сияқты үйді күту мен жөндеуге бөлінетін қаржыны тиімді жұмсамау да себеп», - деді Нұр-Сұлтан қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының Байқоңыр ауданы бойынша бөлім басшысы Бекзат Тамшыбай әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, «Елорда көршілері» бағдарламасы тұрғындарға ортақ мәселені шешуде тиімді әдіс.

«Бағдарламаның тағы бір артықшылығы тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыс жүргізер кезде, тұрғындар тізімі мен олардың пікірін білуде өте ыңғайлы Бұл бағдарлама тұрғындардың бастамасымен құрылды. Ендігі уақытта елорданың әр тұрғыны өз үйін өзі басқара алады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар