+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Елордада коронавируспен ауырып жатқанын жасыратындар көбейіп барады

2020 жылғы 29 қазан 11:44
Бөлісіңіз:
Елордада коронавируспен ауырып жатқанын жасыратындар көбейіп барады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада коронавируспен ауырып жатқанын жасыратын тұрғындар көбейіп барады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шетелден ұшып келген 2 адамнан коронавирус анықталды Қазақстанда 710 бала коронавирустан емделіп жатыр 474 қазақстандық коронавирустан жазылды

«Өздігінен хабарлау және үй ошақтарында байланыс кезінде науқастар санының өсуі байқалады. Бұл қала тұрғындарының алдын алу шараларын сақтамайтынын білдіреді. Соңғы уақытта коронавирус жұқтыру фактілерін жасырудың және тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша, сонымен қатар жақын байланыста болғандар туралы жалған ақпарат берудің жиілеуі байқалады. Осылайша, ошақтарды оқшаулау бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізуге қиындық тудырып отыр», - деді ол.

Осы ретте елорданың бас санитар дәрігері қала тұрғындары мен қонақтарын айналасындағы адамдардың денсаулығына қамқорлық танытуға шақырды.

«Ол үшін тек қарапайым ережелерді сақтап, медициналық масканы міндетті түрде кию қажет. Әлеуметтік ара қашықтық сақтауды, бұқаралық іс-шаралар өткізбеуді, адамдар көп жиналатын жерлерге бармауды өтінемін», деді Жанна Пірәлиева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT