Елорда колледждерінде 26 мыңнан астам студент білім алуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева қаладағы колледж студенттерін қажетті техникамен қамтамасыз ету бойынша түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне тоқталатын болсақ, қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласындағы колледждерде 26 мыңнан астам студент білім алуда. Колледждер де оқу жылын қашықтан бастады. Барлық мамандықтар бойынша теориялық сабақтар қашықтан өткізіледі. Зертханалық және практикалық сабақтар, өндірістік оқыту мен кәсіптік практика кейінгі мерзімге ауыстырылды», - деді Б. Сматаева баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, басқа өңірлерден келген, компьютерлері мен интернеті жоқ студенттер колледждер жатақханалардағы орындармен және компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді. Осы орайда 255 студент колледж жатақханалары мен хостелдерге орналастырылды, онда қашықтан оқыту үшін жағдайлар жасалған.

«Барлық колледждерде оқытушыларға, студенттерге және ата-аналарға уақытылы техникалық қолдау (онлайн кеңес беру) көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға тұрақты мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру және қашықтан оқыту процесінде қатысушыларымен кері байланыс орнату бойынша штаб құрылды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар