Елорда қажеттілігі үшін 13 жер учаскесі 297 млн теңгеге сатып алынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімдігі қала қажеттілігі үшін 13 жер учаскесін 297 млн теңгеге сатып алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының қарауына 297 млн теңге сомасына жалпы ауданы 0,49 гектар 8 нысан бойынша 13 жер учаскесін сатып алу жөніндегі шарттың жобасын ұсынады. Жер учаскелерін сатып алу келесі нысандар бойынша жүзеге асады. Бірінші учаске - Күмісбеков пен Қосшығұлұлы көшелерінің қиылысындағы орын-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй құрылысы. Екіншісі – Құдайберұлы даңғылы бойында 2/1 және 2/2 үйлері маңындағы орын-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй құрылысына арналған учаске», - деді басқарма басшысы Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының кезекті сессиясында.

Оның атап өтуінше, үшінші учаске Уәлиханов көшесінен Жиенқұлова көшесіне дейінгі аралықта Дүкенұлы көшесін салу үшін қажет. Өндіріс тұрғын үй алабында мектеп салу үшін төртінші жер учаскесі қала мұқтаждығына алынады. Бесінші учаскеде Бөгенбай батыр даңғылынан Бейсекова көшесіне дейін Сарыарқа даңғылын салынады. Алтыншы және жетінші учаскелерде жол құрылысын салу көзделген. Ал Тәуелсіздік даңғылы мен Шарль де Голь көшесі қиылысындағы сегізінші учаскеде орын-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үйсалу жоспарланып отыр.

«Барлық жер учаскелерінің меншік иелері ұсынылған өтемақы сомасымен таныстырылды. Жазбаша келісімдері бар», - деді басқарма басшысы.


Соңғы жаңалықтар