Елорда кәсіпкерлер палатасы: Құрылыс саласындағы цифрландыру баяу жүріп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрылыс саласындағы біраз рұқсат беру рәсімдерін цифрландыратын уақыты келді. Бұл туралы Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазірдің өзінде көптеген салада цифрландыру жүріп жатыр. Менің ойымша, құрылыс индустриясындағы біраз рұқсат беру рәсімдері мен басқа жұмыстарды цифрландырудың уақыты келді. Бұл процесте адам факторын барынша шектеу керек. Бізде кейбір жер телімдерін беру кем дегенде алты айға созылады. Шетел тәжірибесіне сүйенсек, бұл рәсімдерді ретке келтіріп, мәселені 20-30 күнде шешуге болады», - деді Б. Жолболдиев қаладағы бизнес өкілдерінің Сенат депутаттарымен кездесуі кезінде.

Қалалық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, құрылыс саласындағы цифрландыру жұмыстары баяу жүріп жатыр. Сонымен қатар бұл саладағы мемлекеттік сатып алулар бағытында да кемшіліктер бар. Бұдан басқа, мердігерлер арасында цифрлық лицензиялауда да проблемалар болған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, кәсіпкерлер Құрылысты қолдау қорын құруды ұсынды .

Мұнымен қоса, елордадағы құрылыс саласына жеңілдетілген несие бөлу керек екені айтылды .


Соңғы жаңалықтар