Елорда іргесіндегі Тайтөбе ауылында жеке тұрғын үй өртеніп кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда іргесіндегі Тайтөбе ауылында жеке тұрғын үй өртеніп кетті.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«18 маусым күні сағат 02-10-да өртке қарсы қызметтің пультіне Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Тайтөбе ауылында жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқандығы туралы хабарлама түсті. Сағат 03-30-да өрт ауыздықталып, 05-50-де ол толықтай сөндірілді. Өрт аумағы 120 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деді Н.Нұрахметов.

Инстаграмтағы Lesnayapolyana_nursultan парақшасында да өрт жайлы ақпарат жарияланды.
null

«Біреулер үшін бүгінгі таң қайырлы болмады. Көршіміздің үйі түк қалмай өртеніп кетіп, төрт қабырғасы ғана қалды. Құжаттары мен балаларын ғана шығарып үлгерді», - делінген жазбада.

null

Соңғы жаңалықтар