Елорда іргесіндегі Талапкер ауылында электрмен жабдықтау мәселесі шешімін табуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Целиноград ауданындағы Талапкер ауылында электрмен жабдықтау мәселесі «Nur Otan» партиясының араласуының арқасында өз шешімін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылы «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жеке қабылдауына Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылының тұрғыны жүгініп, кентті электрмен жабдықтау мәселесін көтерді. А.Мамин Целиноград ауданы Талапкер ауылында бюджет қаражаты есебінен салынған 49 қосалқы станция мен электр желілерін қалпына келтіру бойынша хаттамалық тапсырма берді, онда қосалқы станцияларды кезең-кезеңімен «АРЭК» АҚ-на сенімгерлік басқаруына беруді жүзеге асыру қажеттілігі атап өтілді.

Бастапқыда нысандарды 2020 жылғы 1 маусымға дейін, содан кейін - 1 желтоқсанға дейін, кейіннен – 31 желтоқсанға дейін пайдалануға беру жоспарланған болатын, келесі мерзім 2021 жылғы 31 мамыр болды. «Nur Otan» партиясы Ақмола өңірлік филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысында бүгінгі таңда 49 қосалқы станцияның тек 12-сі «АРЭК» АҚ-на қосылып, берілгені атап өтілді. Бес КТП қалпына келтірілді, 2021 жылдың 30 тамызына дейін 32 қалпына келтіру жоспарланған. Оның ішінде 22 КТП «АРЭК» АҚ-ға беріледі.

«АРЭК» АҚ сенімгерлік басқаруға кезең-кезеңмен беру бойынша шаралар қабылдау бөлігінде энергия беруші ұйымдардың желілерді сенімгерлік басқаруға қабылдау кезінде оларға қызмет көрсетуге және пайдалануға арналған шығындарды ескеретін тарифін өзгерту нормасы заңнамалық түрде көзделмеген. Осы мәселе бойынша ағымдағы жылдың ақпан айында «Nur Otan» партиясының өңірлік филиалы ҚР Парламенті Мәжілісіндегі депутаттық фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің атына Қазақстан Республикасының заңнамасына түзетулер енгізуге жәрдем көрсету туралы хат жолдады. Наурызда ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР Энергетика министрлігі бюджет қаражаты есебінен салынған иесіз, коммуналдық желілер мен электрмен жабдықтау саласындағы нысандарды беру жөніндегі Жол картасын ҚР Үкіметі бекіткеніне жауап берді. Жергілікті атқарушы органдардың балансындағы электрмен жабдықтау желілерін (объектілерін, жабдықтарын) табиғи монополиялар субъектілерінің сенімгерлік басқаруына кезең-кезеңмен беру кестесін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде»,- деп түсіндірді «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының баспасөз хатшысы Динара Дүйсен.

Ведомстводан атап өткендей, бүгінгі таңда ҚР Ұлттық экономика министрлігі әзірленіп жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнесті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында жұмыс жүргізуде, онда энергия беруші ұйымдардың тарифтерін сенімгерлік басқаруға қабылдау кезінде желілерге қызмет көрсету және пайдалану шығындарын ескере отырып өзгерту, сондай-ақ оларды салық міндеттемелерінен босату мүмкіндігі қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар