Елорда іргесіндегі ауылда иесіз вагоннан мемлекетаралық іздеудегі қылмыскер табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі Ильинка кентінде иесіз қалған вагоннан мемлекетаралық іздеудегі қылмыскер табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Учаскелік полиция инспекторлары Ильинка кентінде Доспамбет жырау көшесіндегі әкімшілік учаскені аралау кезінде иесіз қалған вагонда ер адамды анықтаған. Тексеру барысында ұсталған 1977 жылы туған адам қараша айынан бастап шартты түрде сотталған ретінде пробациялық бақылаудан жалтарғаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды. Биылғы 27 қарашадан бастап, сот осы азаматты мемлекетаралық іздеуге жариялаған болатын», - деді Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінен.
Мәлім етілгендей, іздеу салуға Қостанай қаласының Солтүстік полиция бөлімі бастамашылық еткен.
«Ұсталған ер адам қамауға алынды және ПД Уақытша ұстау изоляторына орналастырылды», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, 7 қыркүйектен бастап, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында «Учаске» жедел-алдын алу шарасы өткізілді. Оның барысында учаскелік полиция инспекторлары көпқабатты үйлердегі 280 мыңға жуық пәтерді, 85 мыңнан астам жеке және саяжай үйлерін аралады.
- Елорданың орталық алаңы қалай түрленеді: Урбанистика орталығының нобайы
- Ақмола облысында сотталушының асқазанынан ұялы телефон табылды
- Өскеменде зейнеткердің пәтерін жалдаған ер адам 2 млн теңгесін ұрлап кеткен
- Елордада 14 жастағы жасөспірім жоғалды
-
Елордада бассейннен 21 жастағы қыздың мүрдесі табылды
-
QI-Trade Kazakhstan» қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам