Елорда іргесінде отбасылық денсаулық орталығы ашылады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Целиноград ауданында «Қосшы» отбасылық денсаулық орталығы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақ басшысының туризм жөніндегі кеңесшісі Марат Иғалиге сілтеме жасап.

«Астана іргесіндегі елді мекендерді дамыту мәселесіне орай көптеген сұрақтар түсіп жатыр. Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Тәткеев берген мәліметтермен бөлісейін», - деді М.Иғали.

Оның айтуынша, 18 маусым күні Қосшы ауылы Республика көшесі, 56 мекенжайы бойынша 150 орындық «Қосшы» отбасылық денсаулық орталығы  ашылады.

«Бірінші кезеңде учаскелік қызмет, күндізгі станционар, зертхана, бастауыш кабинет және жүктілікті бақылау қызметтері атқарылады. Ағымдағы жылдың тамыз айыннан басталатын екінші кезеңде УЗИ, рентген (және флюорография), қан қысымын тәуліктік мониторингілеу және ЭКГ енгізіліп, балалар мен ересектердің кардиологы, эндокринолог, невропатолог, ЛОР, окулист, травматолог-ортопед мамандары қабылдау өткізеді», - деп түсіндірді М.Иғали.

Сонымен қатар, өздерінің жедел жәрдем қызметі де жұмысын бастайды.

Соңғы жаңалықтар