Елорда іргесінде орналасқан демалыс орны өртеніп жатыр

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Елорда іргесіндегі Жібек жолы ауылында орналасқан «Astana resort» демалыс орны өртеніп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан хабарлайды.

Аталған демалыс орнының барлық ғимараттары ағаштан қиылып жасалған. Қазіргі уақытта олардың басым бөлігін өрт шарпыды. Қаладан келген өрт сөндірушілер демалыс аумағындағы жалынды сөндіруге күш салып жатыр.


Полиция қызметкерлері қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында сол маңдағы тұрғындар мен коммерциялық нысандардың қызметкерлерін басқа аумаққа көшіруде.

Айта кетсек, демалыс орны Ақмола облысы Аршалы ауданы аумағында орналасқан.



Соңғы жаңалықтар