Елорда халқы 2030 жылға қарай 2 млн адамға жетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда халқы 2030 жылға қарай 2 млн адамға жетеді. Бұл туралы қала басшысы Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлығымыздың алдымызда тұрған бірнеше мәселеге назар аудартқым келеді. Әрине, бірінші кезекте ол – Nur Otan париясының жол картасы. Ол тұрғындарымыздың нақты проблемаларын шешуге бағытталған. Оны біз сайлауда жария етіп, бекіткен едік», - деді Алтай Көлгінов.

Қала әкімі елорданың қарқынды дамып, халық саныда тұрақты артып келе жатқандығын айрықша атап өтті.

«Осыдан 10 жыл бұрын тұрғын саны 600 мың адамнан сәл ғана асатын. Қазір 1,2 млн адамға жетіп отыр. Болжамға сәйкес, 2030 жылға қарай қала тұрғындарының саны 2 млн адамға жетеді. Яғни, урбанизация процесіне тосқауыл қоя алмаймыз. Бұл әлемдік тренд және қаламыз да оны бастан кешіріп жатыр. Ал халық санының артуы әлеуметтік инфрақұрылымға, жолдарға, инжерелік желілерге, тұрғын үйге, мектептер мен балабақшаларға, бизнес нысандарына, жұмыс орындарына жүктемені ұлғайтатындығы анық», - деді елорда басшысы.


Соңғы жаңалықтар