+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Елорда филармониясының әртістері Конституция күніне арнап бейнебаян түсірді

2020 жылғы 28 тамыз 17:22
Бөлісіңіз:
Елорда филармониясының әртістері Конституция күніне арнап бейнебаян түсірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конституция күніне орай Нұр-Сұлтан әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармония солистері мерекелік бейнебаян түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланғанындай, ө нер ұжымы «Конституция» бейнебаяны қазақстандықтарға мереке күніне әдемі және есте қаларлық тарту боларына сенімді.

Конституцияның үстемдігі қазірдің өзінде елді маңызды нәтижелерге жеткізді және оның әрі қарай дамуына ықпал етуде. Қазақстанды модернизациялауда елордамыз да елеулі үлес қосты. Сондықтан Нұр-Сұлтан филармониясының жаңа жобасы бас қаланың ең қызықты сәулеттік композициялары мен ғимараттарының әсемдігімен өрілген.

«Қазақстандықтар мемлекетіміздің ең маңызды мерекелерінің бірі – Конституция күнін атап өтеді. Филармония әртістері мерекеге сый дайындады. Ол біздің еліміздің патриоттарын қуантады деп сенемін. Қымбатты отандастарымды Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын және барлығымызға амандық пен Қазақстанның гүлденуін тілеймін!» – деді Нұр-Сұлтан филармониясының бас директоры Ерлан Дәкенов.

«Конституция» бейнебаянында елорда филармониясының солистері Ернұр Әзімбаевтың «Мәңгілік ел» патриоттық әнін қаланың әр жерінде – Тәуелсіздік алаңында, қалалық алаңда, «Нұр әлем» болашақ энергиясы мұражайы, «Мәңгілік Ел» триумфалды аркасында және т.б. жерлерде орындады. Жобаға Естай Мұқашев, Дос, Диана Маева, Дихан Ильяшев, Мұратбек Хайролда, Нұрбол Балапанов, Айдын Жұмабаев, Шахризада және Бибігүл Тыныштық, Әкімхан Маженов, Ақбота Құснадин және Дәстүр Асылхан қатысты.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT