Елорда емханаларына күн сайын 8,5 мыңнан астам адам барады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана емханаларына күн сайын 8,5 мыңнан астам адам барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Бүгінде Астанада 100 клиника жұмыс істейді, оның 37-і қалалық әкімдіктің құзырында. Атап айтқанда, 16 емхана мен 20 стационар мен бір жедел медициналық жәрдем стансасы бар.

Күн сайын қала емханаларының қызметіне 8,5 мың тұрғын жүгінеді. Клиникаларға 400-ден астам науқас жатып, шамамен 120 адамға күрделі ота жасалады. Бұған қоса жедел жәрдем 1 500 шақырту бойынша қызмет көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар