Елорда: ЭКСПО жақта елік шауып жүр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың «Ұлы дала» көшесінде елік шауып жүр. Оны қала тұрғыны Марат Жылқыбаевтың Фейсбуктегі парақшасына жүктеген видеодан көруге болады.

«Бұл фейк емес. Видеоны түсірген менің әйелім. Шамалы уақыт бұрын Ұлы Дала көшесінің бойымен көлікпен келе жатқанда байқапты. Сосын маған жіберді, мен парақшама жарияладым», - деп жауап берді ол ҚазАқпарат тілшісінің қоңырауына.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет қазіргі уақытта бұл оқиғаны анықтап жатқандарын мәлім етті.



Соңғы жаңалықтар