USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Елорда депутаттары 7 мектепке қазақ зиялыларының есімін беру ұсынысын қолдады

2021 жылғы 24 қараша 11:31
Бөлісіңіз:
Елорда депутаттары 7 мектепке қазақ зиялыларының есімін беру ұсынысын қолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда мәлихатының депутаттары 7 мектепке қазақ зиялыларының есімін беру туралы шешім қабылдап, республикалық ономастикалық комиссияға ұсыныс жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
24 қаңтардан мектептер мен ЖОО-лар офлайн оқуға көшеді - Білім министрлігі Қазақстанда қанша оқушы коронавирусқа қарсы вакцина алды Қаңтардағы қайғылы оқиғаларға байланысты мектепте оқу жылы созылуы мүмкін бе

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында «Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы мәселесі дауысқа салынды.

Аталған мәселе бойынша шешім жобасын мәслихат депутаттарына қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркепов таныстырды.

Жобада елордадағы 7 білім беру ұйымына қазақтың танымал тұлғаларының есімін беру ұсынылған. Олар:

№11 мектеп-лицейге көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым, этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің есімін беру;

№60 мектеп-гимназияға археолог, тарих ғылымдарының докторы, белгілі академик Кемел Ақышевтің есімін беру;

№2 балалар музыка мектебіне күміс көмей әнші, Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы, келер жылы туғанына 100 жыл толатын Роза Бағланованың есімін беру;

№3 балалар музыка мектебіне әйгілі опера әншісі, педагог, профессор Ермек Серкебаевтың есімін беру;

№66 мектеп-лицейге көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақстанды ширек ғасырға жуық уақыт басқарған Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру;

№83 мектеп-гимназияға қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы Ыбырай Алтынсариннің есімін беру;

№77 мектеп-гимназияға ақын, халық жазушысы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Фариза Оңғарсынованың есімін беру.

«10 қарашада өткен Нұр-Сұлтан қаласы ономастика комиссясының кезекті отырысында елордамыздағы бірқатар білім беру ұйымдарына атау беру жөніндегі ұсыныстар талқыланып, қолдау тапқан болатын. Осыған орай сіздердің қарауларыңызға «Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы» қала әкімдігінің қаулысы және қалалық мәслихаттың шешім жобасы енгізіліп отыр. Көрсетілген жоба ҚР қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және нормативтік-құқықтық актілерге қойылатын талаптарды бұзбайды. Ұсыныс қолдау тапқан жағдайда әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімі ҚР заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізіледі», - деді Сәкен Есіркепов.

Мәслихат депутаттары шешім жобасын бірауыздан мақұлдап дауыс берді. Бұл ұсынысты республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаса, тиісті Үкімет қаулысы шығып, елордадағы 7 мектеп жаңа атауға ие болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT