Елорда бойынша бірыңғай тұрғын үй тарифін белгілеу ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – iQamal кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қауымдастығының басшысы Гүлвира Абетова Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бірыңғай тұрғын үй тарифін бекіту туралы бастама көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мүлік иелері бірлестіктерін құру мәселесіне арналған қоғамдық тыңдауда елорда бойынша тұрғын үй тарифін біріздендіру мәселесі сөз болды.

«Тарифті қайта қарау мүмкіндіктерін зерделеу керек сияқты. Елордада 1997 жылдан бері тарифі көтерілмеген үйлер бар. Ондай үйлердің тұрғындары тарифтегі өзгерістерді айтарлықтай ауыр қабылдап жатады», - деді iQamal қауымдастығының басшысы.

Бұл ұсынысты қолдаған қалалық мәслиаттың хатшысы Ерлан Каналимов тариф теңсіздігінің өзектілігіне тоқталды.

«Қала бойынша нақты бір тарифті бекітуге болады деп ойлаймын. Бұрын тұрғын үй қорын күтіп ұстаудың ережелері болды емес пе? Осы тұстарды ескере отырып, мәселені кеңінен қарау керек деп ойлаймын. Өйткені тарифтер шынымен де 15 теңгеден басталып 120-150 теңгеге дейін барады. Мұның бәрі, бірінші кезекте, азаматтардың төлем қабілетін байланысты», - деді Ерлан Каналимов.


Соңғы жаңалықтар