Елорда базарында 30 дүңгіршек жанып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы «Big Шанхай» базарында 30 дүңгіршек жанып кетті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«6 тамыз күні сағат 03:49-да Нұр-Сұлтан қаласының »101« пультіне Байқоңыр ауданының Алаш көшесінде орналасқан «Big Шанхай» базарында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер жеткен 03 сағат 57 минутта «Ярмарка» азық-түлік павильонында халық тұтынатын тауарлар орналасқан 30 дүңгіршек жанып жатқаны анықталды. Құтқарушылардың күшімен 04:35-те жалынның таралуы тоқтатылып, 05:08-де толығымен ауыздықталды», - деді ресми өкіл.


Тілсіз жау 500 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 44 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды», - деп толықтырды Н.Нұрахметов.


Соңғы жаңалықтар