Елорда бас санитарының жаңа қаулысы: Неге рұқсат беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада карантин шаралары біршама жеңілдеді. Оған Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сарқыт Бейсенованың елордада шектеу және карантин шаралары туралы №8 қаулысы сеп болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған қаулыға сәйкес, ХҚО жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаған жағдайда, қатаң түрде алдын ала Egov.kz, «EgovKZBot 2.0» тelegram-ботпен брондау арқылы, «Қазпошта» АҚ жұмысын онлайн режимінде көрсетілмейтін қызметтер бөлігінде күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеу, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыруға рұқсат беріледі.

Жеке медициналық орталықтардың, клиникалардың, стоматологиялардың жұмысын қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, күшейтілген санитариялық -эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыруға болады.

Серіктесінде нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтамасы болған кезде серіктестік босануды жүргізуге рұқсат болады.

Студенттер немесе жоғары оқу орындарына/колледждерге баратын қызметкерлер арасында COVID-19 ауруының бір жағдайы тіркелген кезде инкубациялық кезең аяқталғанға дейін факультеттің/бөлімшенің карантинге жабылуы қамтамасыз етіледі.

Меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын әр топта 15 баладан артық емес етіп толтырумен, жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салумен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс кестесін белгілеп, демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастырылады.

Балаларды дамыту орталықтары, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер, білім беру орталықтары жұмысы (15 адамға дейінгі топтарда алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып өткізіледі.

Балалар мен ересектерге арналған түзету кабинеттерінің жұмысын (15 адамнан артық емес, алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыруға рұқсат беріледі.

Бизнес-орталықтардың, іскерлік үйлердің, сондай-ақ оларда орналасқан адвокаттардың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің қызметін көрсету объектілерінің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың, азық-түлік емес тауарларды және тағы басқа сату жөніндегі бутиктердің (бөлімдердің) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмысшылардың кемінде 50 пайызын қашықтықтан жұмыс істеу түріне ауыстыруды қатаң түрде сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыруға болады.


Соңғы жаңалықтар