Елорда барында бір уақытта 250-ге жуық адам көңіл көтерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың мониторинг топтары бірнеше ай бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді. Олар күн сайын қаланың кәсіпкерлік нысандары арасында карантин бұзушыларды анықтауда. Мекемелерде саннормалар, бетперде режимі, әлеуметтік қашықтық жиі бұзылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өткен тәулікте, яғни 4 маусымда мониторингтік топтар 5 мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Алматы ауданында 4 мекеме карантин режимін бұзғаны анықталды. Олар: екі лото клубы, «Алания» түнгі клубы және «One Bar» бар.

Сарыарқа ауданында «Анор» асханасы 22:00-ден кейін де жұмыс істеуін тоқтатқан жоқ.

Ал Байқоңыр ауданында орналасқан «Порта Фортуна» мейрамханасында 50 адамға арналған үйлену тойы өтті.

Сондай-ақ, «Драфт», «Мята» барлары карантинді бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Есіл ауданында «Cabera» гриль-барында мониторингтік топ бір уақытта 250 адамның болғанын анықтады.

Жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, ел астанасы «қызыл» аймаққа енгеніне үшінші ай болды. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз.

Елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмас үшін санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы керек.

Соңғы жаңалықтар