Елорда балабақшасындағы бала өлімі: Сәби денесінен жарақат анықталды
2022 жылғы 12 тамыз 14:48

Елорда балабақшасындағы бала өлімі: Сәби денесінен жарақат анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда балабақшасындағы сәбидің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Қайғылы оқиға осы жылдың сәуір айында болған. Бүлдіршін үйдегі жеке бақшада болған. Толығырақ ақпаратты Полиция департаменті жарияламай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында бүлдіршін қыздың суға түсу кезінде батып кеткені, денесінен көптеген жарақат табылғаны хабарланған болатын. Полиция да бұл фактілерді растап отыр.

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, осы жылдың сәуірінде «102» арнасына Таха Хусейн көшесіндегі пәтерден дене жарақаттары көрінетін 2020 жылы туған жас қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Аталған факті Байқоңыр аудандық полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы 2-тармағымен тіркелген.

«Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде және бірқатар сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері прокурордың рұқсатынсыз жария етілуге жатпайды», - деді полицейлер ҚазАқпарат тілшісінің сауалына берген жауабында.

Екі жасар сәбидің өліміне балабақша күтушісі күдікті деп танылған. Полиция бұл жайтқа қатысты да егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT