+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Елорда балабақшаларында 17 мың орын босайды

2019 жылғы 22 мамыр 12:13
Бөлісіңіз:
Елорда балабақшаларында 17 мың орын босайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда балабақшаларында 17 мың орын босайды. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы цифрлық технологиялық бөлімінің бастығы Жазира Асанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгінгі күні 2017 жылы дүниеге келген балалар үшін 1 600-ден астам, 2016 жылы дүниеге келген балалар үшін 5 мыңнан астам, 2015 жылы дүниеге келген балалар үшін 5 мың, 2014 жылы дүниеге келген балалар үшін 1 мың, ал 2013 жылы дүниеге келген балалар үшін 4 мың орын босайды. Бұл мемлекеттік балабақшаларда, жеке балабақшаларда және шағын орталықтарда босайтын орындар", - деді ол.

Оның айтуынша, жаңартылған балабақшаларға кезекке тұру және жолдама алу жүйесінде шамамен 17 мың бос орын жарияланатын болады.

"Кесте бүгін түстен кейін bilim.kz сайтында және басқарманың әлеуметтік желілерінде жария етілетін болады. Қазіргі уақытта мектеп жасына толған балалалар балабақшаны бітіріп жатыр. Соған сәйкес бұл сан өзгереді. 10 маусымға дейін E-Astana электрондық жүйесіне кіріп, жолдама алуға болады", - деді Жазира Асанова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT