Елорда айналасындағы жасыл белдеу 100 мың гектарға жеткізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданы қоршап жатқан орманды алқап 2025 жылға дейін 100 мың гектарға дейін жектізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында биоәртүрлілік пен экология мәселелеріне ерекше назар аударғаны белгілі. 2025 жылға дейін орман алқаптарында 2 млрд түп, елді мекендерде 15 млн түп ағаш отырғызылады. Қазіргі таңда Елбасының бастамасымен қолға алынған біздің елорданы қоршап жатқан жасыл белдеудің ауқымы 88 мың гектарды құрайды. 2025 жылға дейін бұл көрсеткіш 100 мың гектарға дейін жеткізіледі», - деді Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ оның айтуынша, балық шаруашылығы мен экологиялық туризмге ерекше назар аударылады. Осыған байланысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жан-жануарларды қорғау, биологиялық түрлілікті тиімді пайдалану бойынша концептуалдық құжатты әзірлеу жұмысын бастап кеткен.

«Сонымен қатар қоршаған ортаға зиян келтірген азаматтардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі күшейтіледі», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар