+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Елорда автопарктерінде ауқымды дезинфекция жүргізілді

2021 жылғы 19 шілде 06:15
Бөлісіңіз:
Елорда автопарктерінде ауқымды дезинфекция жүргізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада қоғам көлік жүргізушілері күн сайын ауысымынан кейін автобусына дезинфекция жасайды. Тұтқалар мен орындықтар, есік, валидатор және жолаушылар ұстайтын жерлер сүртіледі. Вирустың таралуының алдын алу үшін автобус салоны желдетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада жыл соңына дейін үш жастарға қызмет көрсету орталығы ашылады Алимент төлемей жүрген астаналық 1 жылға сотталды Елордада гүл сатушы болу үшін уақытша сынақ мерзімінде жүрген бойжеткен кассадан ақша ұрлады

Қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес елордада сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылды. Автобустар мен автопарктерде арнайы залалсыздандыратын ерітіндімен ауқымды дезинфекция жүргізіледі.


«Автопаркіміздің қала бойынша төрт орны бар. Қарамағымыздағы 778 автобус жұртшылыққа қызмет етеді. Дәл қазір біз тұрған негізгі кеңседе автобус жуатын екі орын бар. Мұнда күніне 300-ге жуық қоғамдық көлік жуылады. Жуылғаннан кейін міндетті түрлі дезинфекция өңдеуінен өтеді. Яғни әр автобус күніне бір рет жуылып, бір рет өңделеді. Осыған дейін автобустар жексенбі күндері ғана тоқтатылып, дезинфекцияланатын. Енді осы аптадан бастап елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес өңдеу жұмысы сенбі, жексенбі күндері жүргізіледі», - дейді «№1 автопарк» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Тілеуберген.

Басқарма төрағасы дезинфекция жұмысын автопарктің арнайы оқудан өткен мамандары жүргізетінін мәлім етті.


«Дезинфекция жұмысын автопарктің, яғни өзіміздің сертификатталған мамандарымыз жүргізеді. Оларды арнайы оқытып, сынақтан өткіздік. Ал өңдеу жұмысына адам денсаулығына зияны жоқ, мектепке дейінгі ұйымдарда, мектептерде, ауруханаларда қолданылатын ерітінді пайдаланылады. Дезинфекция қоры жеткілікті», - дейді №1 автопарк басшысы.

Автопарктің ережесі бойынша қоғамдық көліктер жуылып болған соң ғана дезинфекциялық өңдеу жасалады. №1 автобус паркінде арнайы оқудан өткен 10 дезинфектор жұмыс істейді.

«Бұл автопаркте жұмыс істегеніме 13 жылдан асып кетті. Бастапқыда кондуктор қызметін атқарғанмын. Цифрлық заманның ағымына қарай кондуктор қызметі тоқтағаннан кейін дезинфекторлыққа ауыстым. Жаңа мамандық болғаннан кейін тиісінше оқудан өттік. Қолымызда арнайы сертификатымыз бар. Жұмысым негізінен 19:00-де басталып, соңғы автобусты дезинфекция жасағанға дейін жалғасады», - дейді №1 автопарктің дезинфекторы Райхангүл Әбдікерова.


Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де құбылмалы болып отыр. COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар саны өсіп келеді. Мәселен, өткен тәулікте елордада 1,5 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды.

Тұрғындарды коронавирустан сақтау үшін автобус салондарында антисептик орнатылған. Көлік жүргізушілері мен қызметкерлері жеке қорғаныс құралын тағып жүреді.

Еске сала кетейік, елордадағы қоғамдық көлікте жолаушылар міндетті түрде бетперде тағуы керек.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT