+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Елорда автобустарында бет-әлпет арқылы жолақы төлеу жүйесі енгізіледі

2019 жылғы 15 қазан 15:23
Бөлісіңіз:
Елорда автобустарында бет-әлпет арқылы жолақы төлеу жүйесі енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда автобустарында жолаушының бет-жүзін тану арқылы жолақы алу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы бүгін «IPay» ЖШС құрылтайшысы Алмас Айменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада қала маңына қатынайтын автобус бағдарлары тоқтатылды Қарағандыда автобус жолда тұрған «КамАЗ» тіркемесіне соғылды Алматы автобустарына Face Pay төлем жүйесі қашан енгізіледі

«Биометрияның көмегімен бет-әлпеттің суреті арқылы төлем жасауды енгізбекпіз. Telegram-да бот құрдық. Онда сіз өзіңіздің ЖСН-ініңді, суретіңізді, автобус картаңызды тіркеу арқылы жүйеге ене аласыз. Одан кейін мәліметтеріңізді пайдалануға рұқсат бересіз. Мұнан ары телефоныңызды немесе төлем картаңызды өзіңізбен бірге алып жүру арқылы автобуста билет сатып ала аласыз», - деді ол «Қоғамдық көлік: реформалар және даму жолдары» атты конференция барысында.

Оның атап өтуінше, жүйе барынша қауіпсіз.

«Біз қауіпсіздік шегінің критерийлерін көтердік. Жүйеміз 95 пайызға дейін дәл таниды. Егер жүйенің тану деңгейі 80 пайыздан төмен болса, онда жолаушыға камераға тағы бір мәрте қарау туралы өтініш жасалады. Бастапқыдан-ақ жүйе жолақысын төлемеген адамдарды ұстау үшін емес, жолаушылардың қолдануына ыңғайлы болуы үшін жасалған. Шынымен де осы жүйені пайдаланғысы келген жолаушы камераға тура қарап, билет ала алады», - деді Алмас Айменов.

Компания құрылтайшысының сөзіне қарағанда, төлемнің мұндай жүйесін қолдану барысында жолаушының суреті жүргізуші алдындағы монитордан көрініп тұрады.

«Жалпы, бұл толықтай қазақстандық әзірлеме саналады. Осыған ұқсас жүйе болуы да мүмкін. Дегенмен, біздікінің төлем жасауға да мүмкіндігі бар», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT