Елорда аумағындағы жерлерге ревизия жүргізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала аумағындағы жер телімдеріне ревизия жасалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысы елорда аумағындағы жерлердің қаншалықты тиімді игеріліп жатқанынан талдау жасау қажеттігін айтады.

«Өзекті мәселенің бірі жерді тиімді пайдалану. Жер – өндірістің негізгі тірегі. Өзімнің орынбасарым Асқар Амриновке сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен бірлесіп барлық жерге ревизия жасауды тапсырамын. Қазіргі жағдайды нақтылап, нәтижесі бойынша талдау жасау қажет. Қалыптасқан мәселелерді жою туралы ұсыныстар беретін болыңыздар», -деді әкім ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында жүктелген міндеттерді орындау бойынша өткен жиында.

Алтай Көлгінов тағы бір орынбасары Нұрлан Нүркеновке сақалды құрылыстардың жағдайын зерделеуді тапсырды.

«Нұрлан Жаңбыршыұлына қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен бірге игерілмей жатқан жерлер бойынша түбегейлі шаралар қолдануды жүктеймін. Жер телімдерін заңсыз негізде, өз бетімен иемдену фактілерін, заңсыз салынған нысандар мен жылдар бойы бітпей жатқан құрылыстар бойынша нақты шешімдер қабылдау қажет», - деді қала басшысы.

Соңғы жаңалықтар