Елорда аумағында 3 есірткі зертханасы жойылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда аумағында 3 есірткі зертханасы жойылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Сергей Ильиных айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта есірткі заттарының заңсыз жарнамасы түрлі формаға бейімделген. Олардың қатарында граффитти, сурет, барлық баспа өнімдері, үнпарақ, жапсырма бар. Тіпті, бильбордтарға QR-код таңбалау арқылы заңсыз жарнаманы тарату фактісі де тіркеліп отыр. Мұндай жарнамаларды да анықтап жатырмыз. Оқыту семинарларын да өткіземіз. Коммуналдық қызмет өкілдерімен кездесіп, мұнда жарнамаларды қалай анықтау керектігін, неге назар аудару қажеттігін түсіндіреміз. Үкіметтік емес ұйымдарды, корпоративтік қорларды, волонтерлерді жұмылдырудамыз, олар рейдтер жүргізеді», - деді Сергей Ильиных.

Оның атап өтуінше, жыл басынан бері елорда аумағында синтетикалық есірткі әзірлеумен айналысатын 3 зертхана жұмысы әшкереленген. Сонымен қатар есірткі өсімдігін өсірудің 2 фактісі тіркелді.

«Яғни, синтетикалық есірткі әзірлеушілермен қатар үй жағдайында психикалық белсенді заттары бар өсімдік өсіретін адамдар да бар. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар