+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Елорда аулаларын жайлы етеміз - Алтай Көлгінов

2021 жылғы 16 мамыр 19:28
Бөлісіңіз:
Елорда аулаларын жайлы етеміз - Алтай Көлгінов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында биыл 160 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Кіші Алматы өзені бойындағы жаяу жүргіншілер жолы абаттандырылып жатыр Мерзімді қызметін аяқтаған әскери қызметшілер запасқа шығарылуда Матрица: Нұр-Сұлтан әлі де «қызыл» аймақта тұр

«Аулаларымызды жайлы ету үшін ауқымды жұмыстар жүргізіп келеміз. Қала тұрғындары терезеден аулаларының солғын көрінісін емес, керісінше, өзіндік кескін-келбеті қалыптасқан аулаларды көруі қажет.

Аулаларды көпфункционалды етеміз, олар балалар үшін де, аға буын үшін де қызық болмақ. Биылдың өзінде абаттандыру жұмыстары 160 аула мен қоғамдық кеңістікті (саябақтар, скверлер, бульварлар) қамтиды. Елорданы «Нұр-Сұлтан - жайлы қала» мастер-жоспары аясында дамытып келеміз.

Мәселен, былтыр 76 гектардан астам аумақты салып, абаттандырдық. Бұл - тұрғындардың аулалары, біздің қалалықтар таза ауада уақыт өткізетін қоғамдық кеңістіктер, сонымен қатар аудандарды байланыстыратын қаладағы ең танымал учаскелер. Осылайша қалада серуендеуге барлық жағдай жасалып келеді.

Қазіргі жұмыстарды ескере отырып, қала тұрғындарының жартысынан астамында жаяу қашықтықта жайлы уақыт өткізуге, спортпен шұғылдануға арналған орындар пайда болады. Бүгін бірқатар аулалардың құрылыс барысымен таныстым. Мысалы, Байқоңыр ауданында: Бейсекбаев көшесі 21, 21/1, Сейфуллин көшесі 69/1, 69/2, Абай даңғылы 101, 101/1, 101/2, Циолковский көшесі, 1; Алматы ауданында: Б.Момышұлы даңғылы, 12 және т. б.

Қаланың барлық аудандары жұмыспен қамтылды. Оның ішінде елді мекендер де бар. Сондай-ақ абаттандыру жұмыстарына «бюджетке қатысу» жобасы көмектеседі. Жоба аясында тұрғындар қандай ауланы көргісі келетінін, бірінші кезекте не қажет екенін айтады.

Аулаларды жобалау кезінде балалардың да, аға буынның да мүддесін ескереміз. Аулаішілік аумақтарда тұрғындардың мүдделерін ескере отырып, футбол/баскетбол алаңдарын, балалар ойын алаңдарын, жаттығу алаңдарын, воркаут-аймақтарды, жайлы күркелерді, иттерді серуендетуге арналған алаңдарды және т. б. орнатамыз.

Жас кезінен бастап балаларды белсенді салауатты өмір салтын ұстануға үйрету маңызды. Осылайша шөлейт жерлерде, қараусыз қалған жерлерде таза ауада уақыт өткізуге арналған жаңа жайлы орындар пайда болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаланы абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше көңіл бөлеміз. Тек осы жылдың өзінде 1 млн-нан астам жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер және т. б.), оның ішінде елорданың «жасыл белдеуіне« отырғызамыз», - деп жазды елорда әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT