Елорда әуежайының жөнделуіне байланысты ұшу кестесіне өзгерістер енгізіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әуежайының жоспарлы жөндеуіне байланысты ұшақтардың ұшу кестесіне өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Эйр-Астанаға сілтеме жасап.

Бұдан дейін хабарлағанымыздай, Астана әуежайында 2023 жылғы 15 шілде мен 8 тамыз аралығында (күн сайын 11.00-ден 18.00-ге дейін) ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Air Astana әуекомпаниясы елордадан және елордаға орындалатын рейстер кестесіне қажетті өзгерістер енгізіп жатыр. Осы уақыт аралығына жоспарланған әуекомпания рейстері ертерек немесе кейінірек уақытқа ауыстырылады. Өзгеріске ұшыраған рейсттердің жолаушыларына билетті сатып алу орнында тегін қайта брондау немесе толық қайтару ұсынылады», - делінген компания хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар