+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Елорда әуежайының коды NQZ болып өзгерді

2020 жылғы 7 сәуір 15:22
Бөлісіңіз:
Елорда әуежайының коды NQZ болып өзгерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қолданыстағы TSE үш әріпті кодын NQZ-ге өзгерту туралы түпкілікті шешім қабылданды. Бұл жайында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram-парақшасында жарияланған ақпаратта айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) 2020 жылғы 6 сәуірдегі арнайы хабарламасына сәйкес, Нұр-Сұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қолданыстағы TSE үш әріпті кодын NQZ-ге өзгерту туралы түпкілікті ресми шешім қабылданды», - делінген аталған ведомство ақпаратында.

Айта кетерлігі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ИАТА басшылығымен және сарапшыларымен бүкіл әлем бойынша әуежайлардың үш әріпті кодтарын тағайындау мен өзгерту бойынша ИАТА тәсілдерін өзгерту бағытында көп жұмыс атқарды. Осы жұмыстардың нәтижесінде әлемнің барлық елдері әуежайларының үш әріпті кодтарына өзгерістер енгізуге бірегей мүмкіндік болды. Сонымен қатар, еліміз азаматтық авиация өкілдерінің бүкіл әлем бойынша үш әріптен тұратын әуежай кодтарын тағайындау мен өзгерту туралы ИАТА қарарына түзету енгізу туралы бастамаларын қолдау мәселесін пысықтады.

«Бұл өзгеріс ресми түрде 2020 жылдың 8 маусымынан бастап күшіне енеді және NQZ әуежайдың жаңа коды әуе билеттерді брондаудың барлық жүйелерінде, соның ішінде билеттерде, жолжүк биркаларында, ақпараттық таблоларда қолданылады», -деп атап өтеді министрліктен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT