Елорда әуежайында жолаушылар үшін жаңа қызмет түрі пайда болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында уақытын үнемдегісі келген жолаушылар үшін «Fast track» атты жаңа қызмет түрі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл қызмет түрі барлық халықаралық әуежайларда ұсынылады, ол кезекте тұрмай уақытын үнемдегісі келген жолаушыларға арналған. Ендігі уақытта біздің әуежайда кез келген жолаушы ақысын төлеп, қол жүгімен Fast track арқылы тексеруден жылдам өте алады. Негізгі жүк аталған қызметтің ішіне кірмейді, тек қол жүгі. Қазіргі уақытта Fast track арқылы тіркелу Fly Arystan және Qazaq Air әуе компанияларының жолаушылары үшін қолжетімді» , - деді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов.

Сондай-ақ, әуежай басшысы басқа әуе компаниялардың аталған қызметке қосылмау себебін айта кетті.

«Басқа әуе компаниялары жолаушыларды тіркеу, тексеру қызметін өз есептерінен жүргізеді. Сол себепті мен ол басқа әуе компаниялардың жолаушылары алдын ала келіп тіркелгені жөн», - дейді ол.

Оның айтуынша, Fast track қызметі ересек азаматтар үшін 4000 теңге, 12 жасқа дейінгі балалар үшін 50 пайыз жеңілдік, ал 0-ден 2 жас аралығындағы сәби үшін тегін. Сондай-ақ, ерекше күтімді қажет ететін жандар үшін де аталған қызмет тегін болып табылады. Және жаңа қызмет түрі бар-жоғы 3-5 минут уақытты алады.


Соңғы жаңалықтар