Елорда әуежайында көлік тұрағының бағасы арзандады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайында көлік тұрағының бағасы арзандайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Астана LRT» баспасөз қызметі Facebook парақшасында мынадай хабарлама жариялады: «Компания мен әуежай басшылығы халықаралық әуежайдың P-1 қысқа мерзімді тұрағының қазіргі тарифіне талдау жүргізіп, тарифті арзандату туралы шешім қабылдағанын хабарлаймыз».

Осылайша, тұрақты қолданудың алғашқы тәулігі үшін тариф бағасы 33 мың теңгеден 2,5 мың теңгеге төмендеді. 24 сағаттан кейінгі әр тәуліктің тұрақ құны 60 мың теңгеден 2,5 мың теңгеге дейін арзандады.

«Астана LRT» мен Астана халықаралық әуежайы елордалық әуежайдың барлық паркингтерін басқару жобасының қаржы моделін түбегейлі қайта қарау туралы келісімге қол жеткізгені аталып өткен.

Соңғы жаңалықтар