Елорда әуежайында есірткімен ұсталған ер адамға сот үкімі шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылдың желтоқсан айында көлік полицейлері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының №1 терминалында «Нұр-Сұлтан-Шарм – Эль-Шейх» бағытындағы рейспен ұшып бара жатқан 38 жастағы елорда тұрғынын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әуежай терминалында орналасқан шекара бекетінде тексеру кезінде азаматтың қалтасынан қағазға оралған жасыл түсті өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 6,11 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты екені анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігімен, яғни, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы есірткі құралын заңсыз өткізу және ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігімен, яғни, есiрткi затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді.

Тергеу барысында ер адам өз кінәсін мойындады.

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен құқықбұзушы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 300 АЕК көлемінде 1 млн 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар