+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Елорда әуежайында боранға байланысты 50 рейс орындалмай қалды

2020 жылғы 27 қаңтар 17:18
Бөлісіңіз:
Елорда әуежайында боранға байланысты 50 рейс орындалмай қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Боранға байланысты «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында 50 рейс орындалмай қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2020 жылы қандай халықаралық әуе рейстері ашылады Қазақстандық әуе компанияларын тексеру қашан аяқталады Алматы мен Тель-Авив арасында жаңа әуе рейсі ашылады

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі уақытта 45 рейс кешікті. Оның ішінде ұшып келуі тиіс рейстер саны – 25, ұшып кетуі тиіс рейстер саны – 20. Сонымен қатар, 50 рейс тоқтатылды. Оның ішінде 11-і – халықаралық бағыттағы рейстер», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің өкілі Жеңіс Ахметжанов.

Оның айтуынша, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының әуе айлағы түнгі сағат 02.40-тан күндізгі 14.00-ге дейін жабық тұрған.

«Өздеріңіз білетіндей, боран кеше түнде басталған болатын. Тоқтатылған рейстер ішінде бүгін де, кеше де орындалмай қалған рейстер бар», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT