Елорда әуежайында боранға байланысты 14 рейс кейінге қалдырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында қатты боранға байланысты әуе рейстері кейінге қалдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әуежайдың баспасөз қызметінің PR-менеджері Жеңіс Ахметжановқа сілтеме жасап.

Қазіргі таңда 9 рейс өзге қалалардан келетін ұшақтардың кешігуіне байланысты кейінге шегеріліп отыр. Олар - «FlyArystan» компаниясының 2 рейсі (Павлодар, Мәскеу) және «Эйр Астана» компаниясының 7 рейсі (Алматы – 2 рейс, Қызылорда, Шымкент – 2 рейс, Ақтөбе, Орал).

«Ал әуежайдан ұшып шығуға тиіс 5 рейс, атап айтқанда «Эйр Астана» компаниясының Алматыға ұшатын 4 рейсі мен «Аэрофлоттың» Мәскеуге қатынайтын бір рейсінің уақыты өзгерген. Күшті желге байланысты (жылдамдығы секундына – 15 метрден асады) қауіпсіздік мақсатында әуе кемелерін мұз қатуға қарсы сұйықтықпен өңдеуге жол берілмейді», - деп мәлім етті Жеңіс Ахметжанов.

Қазіргі уақытта Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режімде жұмыс істеп жатыр.






Соңғы жаңалықтар