Елорда әуежайында бірқатар рейстің ұшуы кешіктірілуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында бірқатар рейсі кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, әуежайдың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Qazaq Air-дің Өскемен, Алматы және Шымкентке, SCAT-тың Алматы мен Шымкентке ұшатын ұшақтары кешіктіріліп жатыр.

Ал елорда әуе жайына ұшып келетін 4 рейс кешіктірілген. Олар: Air Astana-ның Ақтөбеден, Qazaq Air-дің Петропавл мен Өскеменнен, SCAT-тың Пхукеттен келетін ұшақтар.

Әуежайдың анықтама қызметі рейстердің кешіктірілуін өзге қалалардан әуе кемелерінің кеш ұшып келуімен түсіндіреді.



Соңғы жаңалықтар