Елорда әуежайына Сеулден 178 жолаушысы бар ұшақ қонды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әуежайына Сеулден бортында 178 жолаушысы бар ұшақ қонды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін 16-00-де елорда әуежайына Сеул қаласынан ұшақ келіп қонды. Ұшақ ішінде 178 жолаушы бар. Оның 85-і транзиттік жолаушылар. Атап айтқанда 31 адам -РФ, 51-і - Өзбекстан, үшеуі Грузия азаматы. Қазақстандықтар 93 азамат, оның ішінде 2 бала бар. Олар Нұр-Сұлтандағы көпсалалы медициналық орталыққа 14 күнге карантинге жатқызылады», - деді ресми өкіл.


Соңғы жаңалықтар