Елорда әуежайын қардан тазарту күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әуежайындағы ұшақ жөнелту алаңдарын қардан тазарту үшін 21 техника, мен 35 адам күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Назарбаев халықаралық әуежайы басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Ерғазы Жолдасов мәлім етті.

«Қазір қайта ауа райы сәл тынышталды. Түнде көрініс дұрыс болмағнадықтан, тазалау жұмыстары жүргізу қиын болды. Ұшу-қону жолақтарын тазалауға 21 техника, 35 адам күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жолаққа қатқан мұзды аршу үшін арнайы реагент қолданып жатырмыз. Ери жауған қардың әсерінен мұз қатқан болатын. Сондықтан жолақты қардан тазартқан соң, астындағы мұзды аршимыз. Ауа райына байланысты ұшақтарды қабылдап, жөнелту де қиынға соғып тұр. Кейбір ұшақтарда жүксалғыштары ашылмай қалып жатыр. Ери жауған қар қатып қалып жатыр», - деп түсіндірді Ерғазы Жолдасов.

Журналистер әуежай өкілінен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Корольдігіне жоспарланған сапары туралы да сұрады.

«Жоқ. Ол рейс уақытында орындалды. Ол таңғы 10.00-де ұшып шықты. Түні бойы жүргізілген жұмыстың арқасында әуежай таңғы сағат 09.00-де ашылды. Президент кедергісіз ұшып кетті», - деді әуежай өкілі.


Соңғы жаңалықтар