Елорда әуежайы қалың қардан қалай тазартылып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әуежайындағы жағдай қандай? Рейстердің нешеуі кешігіп, нешеуі орындалды? Назарбаев халықаралық әуежайы басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Ерғазы Жолдасов БАҚ өкілдеріне осы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәулік ішінде бір айлық нормадан көп қар түсті. Түнгі сағат 2.00-ден таңғы 09.00-ге дейін жолақты жауып, перронды тазартуға тура келді. Салдарынан 10-ға жуық рейс кешіктірілді. Қосалқы рейстер Новосібір, Қарағанды және Алматы әуежайларына жіберілді. Жүк рейстері Новосібірге, жолаушы рейстері Қарағанды мен Алматыға жөнелтілді. Таңертең шамамен 7 рейсті іске қостық. Төрт рейстің келуін күтіп отырмыз. Қазір перронда рейстерге қызмет көрсетіліп жатыр», - деді Ерғазы Жолдасов.

Оның айтуынша, ауа-райына байланысты ұшу-қону жолағын тазарту қиындаған. Соған қарамастан, әр рейс мұқият пысықталады. Әрбір рейсті мүлтіксіз дайындауға кем дегенде 1,5 сағат кетіп жатыр.

«Ұшу-қонақ жолақтарына мұх қатқан. Түні бойы біз қардан тазарттық. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін тағы да тазарту жұмыстарын жүгіземіз. Осы аралықта перрон екі сағатқа жабық болады. Бұл рейстердің қауіпсіздігі үшін қажет. Қолдан келгеннін бәрін жасап жатырмыз», - деді әуежай өкілі.



Соңғы жаңалықтар