+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Елорда атауын өзгерту Қазақстан Конституциясына қайшы емес

2019 жылғы 23 наурыз 17:40
Бөлісіңіз:
Елорда атауын өзгерту Қазақстан Конституциясына қайшы емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда атауын өзгерту Қазақстан Конституциясын сай келеді. Бұл туралы ҚР Заңнама институты конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің бастығы, заң ғылымының кандидаты Бағдат Нұрғазинов Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Коноституциясының 2-бабы -тармағына сәйкес Қазақстанның елордасы Астана қаласы саналады. Сол себептіелорданың атауын өзгерту Конституцияға түзетулер енгізуді талап етеді. 91-баптың 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар. Республика Президентінің өз бастамасымен, Парламенттің немесе Үкіметтің ұсынысымен қабылданған шешімі бойынша өткізілетін республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін. Егер Президент оны Парламенттің қарауына беру қажет деп ұйғарса, Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар жобасы республикалық референдумға шығарылмайды. Мұндай жағдайда Парламенттің шешімі Конституцияда белгіленген тәртіппен қабылданады», - деп жазады ол.

Оның атап өтуінше, бұл норма Конституцияға түзету енгізу туралы бастаманы Президент, Парламент немесе Үкімет көтере алатындығын білдіреді.

«Дегенмен, бұл ретте Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елорда атауын өзгерту туралы ұсынысын конституциялық бастама емес. Бұл орайда оның сөз сөйлеуін Тұңғыш Президенттің тәуелсіз Қазақстанды құрудағы және оның жаңа астанасын салудағы үлесіне құрмет көрсете отырып, Конституцияның 2-бабын өзгерту туралы мәселесі қарау қажеттігі жөніндегі ұсыныс ретінде қарастыруға болады. Аталған ұсыныс Президентті ұлықтау процесінде жария етілді және салтанаттық сипатқа ик болды. Осы жағдайда аталған ұсынысты тек қана болдады. Бірақ, сол сәтте Конституцияға өзгертулерге дауыс берген жоқ. Бұл орайда Үкімет конституциялық бастама жасады және Президент қарауына референдум өткізу туралы мәселені енгізді», - деді Б.Нұрғазинов.

Бөлім басшысының атап өтуінше, бұл орайда Президенттің заң жобасын республикалық референдумға немесе Парламент қарауына енгізуге басым құқығы бар. Демек, бұл мәселені міндетті түрде республикалық референдумға шығаруды Конституция талап етпейді.

91-баптың 3-тармағына сәйкес Республика Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, олардың осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы Конституциялық кеңестің қорытындысы болған жағдайда, республикалық референдумға немесе Республика Парламентінің қарауына шығарылады.

Ал 91-баптың 2-тармағы Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тәуелсіздігі, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптері және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәртебесі өзгермейіндігі көрсетілген.

«Елорда атауын өзгерту аталған мәселелерге қатысы болағандықтан Конституциялық кеңес Конституцияға енгізілетін түзетулердің сәйкестігу туралы қорытынды берді. Сонымен қатар конституциялық бастама өзінің процедуралары бар дербес институт екендігін және Мемлекет басшысының өзге де өкілеттіктерімен біріктірілмейтіндігін атап өткен жөн. Жоғарыда айтылғандардың негізінде конституциялық процедура бұзылған жоқ»,-деді Б.Нұрғазинов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Конституция, Нұр-Сұлтан, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT