Елорда әкімінің орынбасары қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 19 қарашасында елорда әкімінің орынбасары А.И.Лукиннің төрағалық етуімен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Лаңкестікке қарсы комиссияның халықаралық жағдайға байланысты кезектен тыс отырысы болып өтті.

Шара кезінде қауіпсіздік шараларын күшейту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Отырыс аясында елорданың құқық қорғау органдары, күзет ұйымдары, көліктік инфрақұрылым нысандары және адамдардың көп жиналатын орындар, бірінші кезекте, ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының басшылары тыңдалды. Шара қорытындысы бойынша, елорда әкімінің орынбасары қауіпсіздік шараларын күшейтіп, олардың тәжірибе кезінде іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Айта кетейік, лаңкестікке қарсы комиссия орталық мемлекеттік органдардың аймақтық бөлімшелерінің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лаңкестіктің алдын алу, лаңкестік салдарын азайту және (немесе) жою бойынша қызметінің үйлестірілуін іске асыратын кеңес беру-кеңесу органы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар