Елорда әкімі ЖЭО-2-ні газға көшіру жұмыстарымен танысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл ЖЭО-1 және ЖЭО-2-ні газға көшіру жоспарланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2-ЖЭО-ны газға көшіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен таныстым. Газ құбыры салынды, желдету жабдықтарын, газ қорғау жүйелерін және қазандықтарға монтаждау жанарғыларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл ЖЭО-1 және ЖЭО-2 газға көшіруді жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, елді-мекендерде кварталішілік газбен жабдықтау желілерін салу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр», – деп жазды Алтай Көлгінов. .


Қала басшысының айтуынша, Железнодорожный елді-мекенінде газ тарату желілерінің 100%, Промышленный мен Көктал-2-де 95%, Көктал-1-де 80% салынды. Бұл жұмыстар Агрогородок, Юго-Восток елді-мекендерінде де жүргізіліп жатыр. Бұл елді-мекендердегі үйлердің бір бөлігі биылғы жылыту маусымында газбен жылытылуы мүмкін. Қаланы газдандыру процесі үш кезеңнен тұрады.

«Үйлерді газбен жабдықтау желілеріне қосу үшін техникалық шарттарды тегін беру үшін үш фронт-офис ашылды. Бұл Көктал-1, Железнодорожный, Промышленный тұрғындарына арналған. Жеке сектор тұрғындары үшін тегін есептегіштер қарастырылған. Елорданы газдандыру-Елбасының тарихи жобасы. Газдандыру процесі Мемлекет басшысының бақылауында» деп түйді сөзін әкім.


Соңғы жаңалықтар