USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Елорда әкімі үлескерлер мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты

2021 жылғы 15 қазан 14:47
Бөлісіңіз:
Елорда әкімі үлескерлер мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов үлескерлер мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысының Созақ ауданына жаңа әкім тағайындалды Еліміздің бірқатар өңірінде инфекциялық ауруханаға түскен тұрғындар саны артты Күні-түні жанымызда: Коронавируспен ауырып жатқан науқастар дәрігерлер туралы

«Үлескерлер проблемасы өзекті екені белгілі, 15 мың отбасы өзінің баспанасына қол жеткізе алмай жылдар бойы күтті. «Сақалды құрылыс» атанған 150 көпқабатты үй болса, соның 90-ны биыл бітеді. Осы орайда 2019 жылы 13 үй (2,7 мың отбасы) тапсырылса, 2020 жылы 20 тұрғын үй (2,7 мың отбасы) берілді, ал биыл 57 көпқабатты тұрғын үйдегі 7 мыңнан астам отбасы өз пәтерлерінің кілттерін алады», - деді А. Көлгінов елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында.

Оның айтуынша, үлестік құрылыста құжатнама, жобалау-сметалық құжат бойынша мәселелер туындап, қаржыландыруда проблемалар, сондай-ақ алаяқтық әрекеттері болды.

«Қаржыландыру қамтамасыз етілді. Бюджет қаражатын қайтаруымыз керек. Тағы 90 млрд теңге жеке инвестиция тарттық», - деді қала әкім.

«Қазір үлескерлер әрбір үй бойынша жұмыстар жүріп жатқанын көріп отыр. Инвестор бар, бюджеттен қаржыландыру ескерілген», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT