Елорда әкімі соғыс ардагерлерін құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының атынан Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады. Батырлар соғыс жылдарындағы, соғыстан кейінгі өмірі туралы өз естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

95 жастағы Барлыбай Табешұлы Курск шайқасында артиллерист-нысанашы болған. Соғыстан кейінгі жылдары мұғалім болып жұмыс істеді.

95-жастағы Михаил Васильевич соғыс жылдарында миномет ротасының командирі болған. Ол Украина, Румыния, Молдавия, Чехия, Польша, Венгрия, Румыниядан өтті. Соғыстан кейінгі жылдары ЖЭО, темір жол, әуежай, вокзал және т.б. құрылыстарына қатысты.

«Ардагерлердің арқасында бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Батырларымыздың ұмытылмас ерлігіне бас иеміз. Өмір жолыңыз барлығымызға үлгі-өнеге. Жуырда ардагерлерді Елбасы құттықтады», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Үрмелі аспаптар оркестрі соғыс жылдарының әндерін ардагерлердің аулаларында орындады. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда 3 688 адам біржолғы ақшалай төлем алды. Жалпы сомасы 180 млн теңгені құрады. 44 соғыс ардагеріне 1 млн теңгеден сыйақы берілді.


Соңғы жаңалықтар