+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Елорда әкімі пайдалануға берілмеген тұрғын үйде тұрып жатқандардың шағымын тыңдады

2019 жылғы 27 шілде 16:57
Бөлісіңіз:
Елорда әкімі пайдалануға берілмеген тұрғын үйде тұрып жатқандардың шағымын тыңдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Асан Қайғы-Ғұмар Қараш-Тараз-Ағыбай батыр көшелерінде орналасқан «Территория Комфорта-2» тұрғын үй кешеніне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордадағы проблемалы нысандар құрылысы 3-4 жылда толық аяқталады Елорданың ұзаққа созылған құрылыс нысандарында қандай жұмыс жүргізілуде Елордада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй сүріледі

Тұрғын үй кешені екі 24 қабатты мұнарадан тұрады. Үлескерлердің жалпы саны - 437 адам. Бұл үй әлі пайдалануға берілмегеніне қарамастан, үлескерлер 2014 жылы оған қоныстанып алған.


Тұрғын үй кешенінде жобалау-сметалық құжаттама, өрт сөндіру және түтін шығару жүйелері жоқ. Жылу трассасы мен сыртқы су құбыры желілері қаланың балансына берілмеген.

Тұрғындардың айтуынша, электр қуаты, жылу және сумен қамтамасыз ету үйге уақытша қосалқы станса арқылы келеді.


«Бір қосалқы стансаға күніміз қарап отыр. Егер ақау бола қалса, онда үйдегі электр қуаты өшіп қалады. Қатты жел кезінде үйдің плиткалары құлап жатады. Басымызға бірнәрсе түсіп кетпей ме деп әрдайым жоғары қарап алаңдаумен боламыз. Үйдің пандусы шөгіп барады», - деді тұрғындар.


Қала басшысы бірінші кезекте жобалық-сметалық құжаттаманы жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Үйді пайдалануға беру үшін жобалық-сметалық құжаттаманы жүргізу қажет. Үйге, сыртқы қаңқаға, пандусқа техникалық тексеру жүргізу керек», - деді А. Көлгінов.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT