Елорда әкімі мешіттің құрылыс барысымен танысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Алтай Көлгінов Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарының арасында орналасқан мешіттің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Республика мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатыр. Мешіт түрік компаниясының демеушілігімен салынып, 30 мың адамға есептелген. Мешіт мұнаралары 130 метр, ал басты күмбездің биіктігі 88,2 метрден асады. Қала әкімдігі мешітке инженерлік желілер мен коммуникацияларды жобалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.







Соңғы жаңалықтар