+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Елорда әкімі коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығын тексерді

2019 жылғы 27 қазан 00:26
Бөлісіңіз:
Елорда әкімі коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығын тексерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алтай Көлгінов елорданың төрт ауданындағы коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығын тексеріп, қызметкерлермен әңгімелесті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Астанадағы боран: Бір түнде 27 мың текше метр қар шығарылды Елордада Тәшеновке, Қожановқа, Бигелдиновке, Алтынсаринға ескерткіш орнатылады Алтай Көлгінов халыққа онлайн-режимде есеп береді

Жолдар мен көшелерді тазалауға 2 мыңға жуық техника мен 3,5 мың қызметкер жұмылдырылады. А. Көлгінов әлеуметтік нысандарға кіретін жолдарды, тротуарларды, аялдамаларды тазалауға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, пәтер иелері кооперативтерімен бірлесіп аулаларды тазалау жұмыстарын күшейту қажет. Құм-тұз қоспасын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Елорда әкімі қызметкерлерге жағдай жасау керектігін атап өтті. Мәселен, жалақыны уақытылы төлеу, ыстық тамақ ұйымдастыру, техниканы жаңарту.

Қосымша 100-ден астам техника сатып алу жоспарлануда. Арнайы техниканы сатып алу «Астанаэнергосервис» акционерлік қоғамының үнемделген қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

А. Көлгінов қызметкерлерге игі еңбектері үшін алғысын білдірді. Жұмысшылардың күнделікті еңбегі нәтижесінде қаламыз таза әрі жайлы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT