+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

Елорда әкімі қоғамдық көліктердің неліктен жаппай тоқтатылғанын түсіндірді

2020 жылғы 31 наурыз 12:01
Бөлісіңіз:
Елорда әкімі қоғамдық көліктердің неліктен жаппай тоқтатылғанын түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада неліктен қоғамдық көліктердің тоқтатылғанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл карантин кезеңіндегі мәжбүрлі әрі қажетті шара. Себебі қаламызда тұрғындар күніне 750 мың адам автобуспен қатынайды. Тоқтатпасақ, қаншама адамның басын қауіпке тігер едік. Жүргізушілердің бірінің коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғанын есепке ала отырып, біз барлық автобусты өңдеп, жұмысшылардың бәрін тесттен өткізіп жатырмыз», - деді қала әкімі Тенгриньюс.кз порталына берген тікелей эфирдегі сұхатында.

Осы себепті қалалық штаб шаһардағы қоғамдық көліктердің бәрін тоқтату туралы ортақ шешімге келген. Алайда бұл мәселеге келгенде қала басшылығына тұрғындардан біршама өтінім түскен екен.

«Адамдар «үйде қалыңыздар дейсіздер, бірақ жұмыс жүріп жатыр» дейді. Сол себепті тек қаланың тіршілігіне тікелей қатысты қызметтерді ғана қалдыруға тура келді. Олардың қатарында – әкімдік қызметкерлері, медицина мамандары, құқық қорғау органының қызметкерлері, әскерилер мен сумен, жылумен қамтамасыз ететін қызметкерлер бар. Рұқсат бойынша жүретін жеңіл автокөліктер қалды. Кешеден бері олардың бәрін де тексерудеміз», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Әкім, Көлік, Әкімдік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT