Елорда әкімі қаланың кәріз жүйлерінің жұмысын тексерді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл жазда Б. Момышұлы даңғылында су басу мәселесі шешіледі. Даңғылда жауын суы жүретін канализациясының магистральды коллекторының құрылысы басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорда әкімі қаланы кешкілік аралау барысында жүргізіліп жатқан кәріз жүйелерінің жөндеу жұмыстарымен танысты.

Жауын суы кәрізінің ұзындығы — 500 метр (Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейін, Б. Момышұлы даңғылы арқылы өтеді). Көлік жүргізушілеріне қозғалыс ішінара шектелді. 15 мамырда жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс толығымен жабылады (10 күнге). Құрылыс жұмыстары биыл жазда аяқталады. Учаскені су басу мәселесі толық шешіледі – «Қайықпен жүретіндей су тасқыны болмайды».


Мемлекет басшысы нөсерлі жаңбыр су жиналуының алдын алу үшін кәріздерді салу жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырды. «Жастар» шағын ауданындағы жаңа құрылыстардың қуаты тәулігіне 42 мың текше метрден асады. Бұл кәріз жүйелерінің өткізу қабілетін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді: бөгетсіз жинауды, жерүсті ағындарын бұруды және тазартуды қамтамасыз етеді. Тазарту құрылғылары Ташенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев және Республика даңғылдарының жаңбыр суының алдын алуға мүмкіндік береді. Тазарту құрылғылары жер астында орналасқандықтан, құрылғы үстіндегі аумақта абаттандыру жұмыстарын жүргізу, шағын сәулет нысандарын орнату қарастырылған.

Құрылыс жұмыстарын 2021 жылы аяқтау жоспарланып отыр. 2019 жылы Мыңжылдық аллеясы аумағында екі учаскедегі кәріз жүйесіне қатысты мәселе шешілді.


Соңғы жаңалықтар