Елорда әкімі екі қызды судан құтқарған полицей мен ТЖД қызметкерін марапаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов екі қызды судан құтқарған полицей мен ТЖД қызметкерін марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті құтқару отрядының қызметкері Дмитрий Инкин мен Полиция департаментінің аға инспекторы Руслан Саидовке «Алғыс хат» пен естелік сыйлық тапсырды.

«Күнделікті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде полицейлер мен құтқарушыларымыз лайықты үлесін қосып жүр. Олар өздерінің қызметтерін адал атқарып жүрген азаматтар. Жақында осы қызметкерлеріміз адам өмірін құтқарып қалды. Сондықтан әріптестердің атынан өзінің қызметімен үлгі болып жүрген бүгінгі марапатталған азаматтарға алғысымызды айтқым келеді», - деді Алтай Көлгінов.

Еске сала кетейік, 28 шілде күні түстен кейін «Причал» қонақ үйінің аумағында Д. Инкин өзінің шұғыл әрекетімен суға батып жатқан қызды алып шыққан болатын. Кейін сол жерде тағы бір қыз құтқарылды. Құтқару шаралары барысында Дмитриге полиция қызметкері Р. Саидов көмектескен болатын.

Соңғы жаңалықтар